Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қала күні мерекесі аясында «Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен қалалық мәдениет сарайда «Семей қаласының құрметті азаматы» және «Үздік қызметкерлерге» ақшалай сертификаттар тапсыру  рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов сөз сөйлеп, қала тұрғындарын қала күнімен құттықтады.

«Бүгін біз Семей қаласының дамуы мен өркендеуіне орасан зор үлес қосқан азаматтар мен азаматшаларды құттықтау үшін жиналып отырмыз. Семей қаласының құрметті азаматы атану, бір реттік жұмыстың нәтижесі емес, талай жыл табан аудармай туған қаласының абыройын асқақтатып, мәртебелі қызмет еткендеріңіздің жемісі. Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен өнегелі өмірлеріңіз өскелең ұрпаққа өшпес үлгі»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Салтанатты шарада Семей қаласының дамуына үлес қосқан бірқатар тұлғаларға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді:

Усманова Менсафа Мухамедсадыковна - Қоғам қайраткері, 1982 жылдан бастап семей қаласы халық депутаттары қалалық кеңесінің  атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне сайланып, 1994 жылға дейін қызмет атқарды.

Маслов Юрий Архипович - спорт ардагері, ол көптеген танымал спортшылар, 15-тен астам спорт шеберлері және олимпиада ойындарының 2 қатысушысы дайындалды.

Стамбеков Жумагазы Диярович - білім беру саласының үздігі, 1997 жылдан 2018 жылға дейін «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ директоры қызметін атқарды.

Мирашев Кайрат Қайыргалиұлы - 1996 жылдан 2007 жылға дейін «Спутник» МТ ЖШС бас директоры болды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Спутник» МТ ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарады. Бесқарағай ауданының құрметті азаматы.

Жуванышев Тлеуғазы Рахимович - көркемсурет шебері, педагог, 2017 жылдан бастап Тілеуғазы Рахымұлы Семей қалаларының көркемөнер-өндірістік шеберханаларын басқарады.

Борисов Александр Юрьевич - «Спартак», Семей (1976-1979, 1981-1988) және «Қайрат», Алматы (1980-1981) футбол клубтарының экс-футболшысы. Футбол төрешісі болған (1989-2007). Премьер-лига мен қазақстан кубогында өткізілген матчтар бойынша рекорд орнатушы. халықаралық санаттағы төреші.

Тулеуов Базар Масхутович - хирург, ол Қазақстанда өте қиын оталарды сәтті жасаған. 2017 жылы өз қызметінде ерекше кәсіби шеберлігі мен жанқиярлығын көрсеткені үшін «алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, қаланың дамуы жолында қажырлы еңбек атқарған қарапайым еңбек адамдарына алғыс хаттар мен 100 мың теңгелік сертификаттар табысталды. 

Марапаттау рәсімі меркелік концертпен жалғасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив