Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
536.76 630.85 6.45

«Семей. Тұлға. Тарих» суретшілер байқауының қорытындысы жарияланды

23-09-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

«Қала күні – 2024» мерекесіне орай, Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей. Тұлға. Тарих» атты байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Байқаудың мақсаты – қаламыздың тарихына жас суретшілердің көзімен қарау және олардың өнері арқылы Семейдің тарихын насихаттау.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Семей. Тарих» аталымында:

1-орын: Амантаева Зарина – «Ескі Семей»
2-орын: Саятова Айгерім – «Графика триптих»
3-орын: Мелисова Шырын – «Еңлік – Кебек»

Ал «Тұлға» (портрет) аталымы бойынша:

1-орын: Қайырхан Мәди – «Көкбай»
2-орын: Кәрімова Ақерке – «Шәкәрім»

Жеңімпаздар Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қолынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив