Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Ақсуат ауданы полиция бөліміне жаңа бастық тағайындалды

10-03-2023, 11:00 Думан Кенжеғазыұлы
Абай облысы ПД бастығының 2023 жылдың 03 наурыздағы №167 ж/к бұйрығына сәйкес Ақсуат ауданы ПБ бастығы лауазымына полиция полковнигі Хозаев Нұрлан Советқалиұлы тағайындалды.
 
Полиция полковнигі Хозаев Нұрлан Советқалиұлы 1969 жылдың 06 наурызында Семей облысы Көкпекті ауданында дүниеге келген. 
 
Білімі: жоғары, 2004 жылы Орта-Азиялық университетін бітірген.
 
ІІО-да: 1993 жылдың 19 қарашасынан (30 жыл), басшылық лауазымдарында: 15 жыл.
 
Тәжірибесі мол, 2 аудандық полиция бөлімдерін басқарған: 2016 жылдың 4 акпанынан 2017 жылдың 5 мамырына дейін Аягөз АПБ бастығы, 2017 жылдың 5 мамырынан 2023 жылдың 3 наурызына дейін Абай ауданы полиция бөлімі бастығы лауазымын аткарған.
 
Нұрлан Советқалиұлын Ақсуат ауданының активтері мен жеке құрамына таныстыра отырып, Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаров жаңадан тағайындалған басшының алдына бірқатар міндеттер қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив