Кандидат Алиби Абдураимов «СемАз» ЖШС ұжымымен кездесті
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Алиби Абдураимов «СемАз» ЖШС ұжымымен кездесті.
Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, бірқатар мәселелердің шешу жолын қарастырғанын айтты.
Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында экологияны жақсартудың бірқатар міндеттерін қойып отыр.
• Уәкілетті органға деректерді бере отырып, ірі өнеркәсіп орындарының («Цемент» зауыты, «СемАз» ЖШС, «Daweoo Bus» ЖШС, «Анга» ЖШС, «Қаражыра» АҚ және т.б.) атмосфераға шағаратын қалдықтарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдануды талап ету;
• Өңдеу мен жою үлесін 9,9% -дан 15%-ға дейін ұлғайта отырып, қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға үлес қосу;
• Семей қаласында орналасқан стихиялық полигондарының жоюылуын және өзіне тиіселі округтің аумағындағы қоқыстардың уақтылы тазартылуын қадағалау.
Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.