Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Кандидат Алиби Абдураимовтың сайлауалды бағдарламасы

9-03-2023, 11:25 018.kz

№9 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТДЕПУТАТЫҒЫНА ҮМІТКЕР АБДУРАИМОВ АЛИБИ БАТЫРЖАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ


Мен, Абдураимов Алиби Батыржанұлы 1996 жылы 1 қаңтарда Абай облысы, Семей қаласында дүниеге келдім.

2018 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдадым. Педагогика ғылымдарының магистрімін.

Еңбек жолымды Шәкәрім атындағы университетте тәрбие бөлімінің маманы қызметінен бастадым, кейіннен Шәкәрім университетінде қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқардым.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Alikhan Bokeikhan University Жастарды ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жөніндегі департамент маманы ретінде еңбек етудемін.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен және дана Шәкәрімнің медалімен марапатталғанымды мәртебе санаймын.

Семейқалалық мәслихатының VII шақырылым депутатымын.

«AMANAT» партиясының мүшесімін.

Құрметті Семейліктер!

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Аталған саяси додада елдің аманатын арқалап, халқымның мәселесін қалалық деңгейде көтеріп, оны шешу үшін, кандидат ретінде тіркеуден өттім.

10 жылдан бері жастар саясаты, волонтерлік және қоғамдық қызмет салаларында жұмыс істеп жүріп, халықты толғандырған, қоғамдағы өзекті мәселелерді ішінен зерделедім. Қордаланған мәселелерді ашық айтып, шешілу жолдарын бірге өздеріңізбен қарастырғым келеді.

Егер Сіздер маған сенім артып, қалалық мәслихаттың депутаттығына сайласаңыздар, мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, сондай-ақ өзімнің және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға күш-жігерімді салатын боламын.

Біріншіден, қаланың мәселелерін және қала халқының әлеуметтікжағдайын жақсарту, азаматтар мен олардың отбасыларыныңөмір сүрудәрежесінарттыруғақолғабысету.Соныменқатар,тұрмыстықжемқорлықпенкүреске,сыбайласжемқорлыққақарсымәдениетқалыптастырубағыттарынаерекшемәнберетінболамын.

Қаламыздың экономикасы ірі кәсіпорындарға тәуелділігі, қолайсызэкологиялық жағдай, сыбайлас жемқорлық фактілерінің өсуі, тұрғын үй-коммуналдықшаруашылықжелілерініңәбдентозығыжетуісекілдіқаланыңөзектімәселелерінескерекеле,менөзсайлауалдыбағдарламамдакелесідей мақсаттардыкөздеймін:

1. Ашық және жергілікті есеп беру органдары

· 2025 жылға қарай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электронды форматта ұсынуға қол жеткізу;

· Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру;

· Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптасыру;

· Білім беру мекемелеріндегі заңсыз қаражат жинау, дастархан жаю секілді тұрмыстық жемқорлықпен күресу;

· Барлық салада мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына, сапалы орындалуына, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуіне қоғамдық бақылауды күшейту;

· Мемлекеттік қызмет көрсетуді «бір өтініш» қағидаты бойынша жүргізуді қамтамасыз ету;

· Мемлекеттік сатып алу базасы мен әкімдіктің ресми сайтында Семей қаласының барлық мемлекеттік мекемелер мен оларға бағынышты  ұйымдардың бюджетін 100% жариялануын талап ету.

2. Экологиялық жағдайды жақсарту

· Уәкілетті органға деректерді бере отырып, ірі өнеркәсіп орындарының («Цемент» зауыты, «СемАз» ЖШС, «Daweoo Bus» ЖШС, «Анга» ЖШС, «Қаражыра» АҚ және т.б.) атмосфераға шағаратын қалдықтарын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолдануды ат салысатың боламын;

· Өңдеу мен жою үлесін 9,9% -дан 15%-ға дейін ұлғайта отырып, қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртуға үлес қосамын;

· Семей қаласында орналасқан стихиялық полигондарының жоюылуын және өзіме тиіселі округтің аумағындағы қоқыстардың уақтылы тазартылуын қадағалайтын боламын.

3. Коммуналды орта

· Семей қаласындағы тас жолдар мен көшелерді жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен қаражаттың бөлінуінатсалысамын (Щорса, Краснозвездная, Пламенная, Мирная, Лесная, Центральная, Переулоктар және тағы басқа округқа қарасты көшелер)

· Мұрат саяжайы қаланың құрамына енгізу бойынша мәселені қарастырып, көшелерді жарықтандыру мәселесін қолға алатын боламын.

4. Қоғамның әр салада әлеуметтік дамуында халықтың белсенді араласуына ат салысу. Мемлекет болашағына, аға буын өкілдері мен жастарға қамқоршы болу

· Округ тұрғындарының өмірін жақсарту үшін ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің, жергілікті мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізіп, патриотизмді нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсене араласуына жаңдай жасаймын;

· Аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, соғыс және еңбек ардагерлері мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсетуге белсене қатысамын;

· Қалалық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссия отырыстарында окрук тұрғындарының мүдделерін қорғап, мәселелерін шешетін боламын;

· Балалар мен жасөспірімдерге арналған клубтар мен спорт нысандары қол жетімді болуына атсалысамын;

· Өзіме тиесілі округтағы барлық жастарға қолдау көрсететін боламын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және үкіметтің міндеттері мен тапсырмаларын орындауға, жергілікті атқарушы билікпен, құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасауға дайынмын.

Семей қаласының және еліміздің болашағын алаңдататын тұрғындар мені қолдайтынына шын жүректен сенемін!

Абай еліне адал еңбек етіп нәтижелі жобаларды іске асыруға  дайынмын!

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив