Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде Мұхтар Әуезов алаңы қайта жаңғыртылуда

26-09-2024, 09:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының сол жағалауында орналасқан Мұхтар Әуезов алаңында қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңғырту аясында тозығы жеткен тас төсеніштерін ауыстыру, балалар алаңын жаңарту және қосымша жарықтандыру орнату жоспарланған. Сондай-ақ, ескерткіш орнатылған тұғырды жөндеу көзделуде.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ТКШ бөлімінің басшысы және мердігерлермен бірге алаңды аралады. Әкім алаңды жөндеудің мақсаты – уақыт өте келе жоғалған көріктілігі мен лайықты бейнесін қалпына келтіру екенін атап өтті.

«Әуезов алаңының ағымдағы жөндеу жұмыстарына қатысты айта кетейін: тұрғындардан тас төсеніштерін ауыстыру жөнінде көптеген өтініштер түсті. Бұл алаң сол жағалаудағы басты алаңдардың бірі болып саналады. Қала басшылығының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді жөндеу аясында 5 мың шаршы метрден астам тас төсеніштері ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, мұнда жаңа жарық шамдарын орнату да жоспарланған», – деді ТКШ бөлімінің басшысы Нұрлан Сергазинов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив