Менің басты миссиям сыбайлас жемқорлықпен күресу - Алиби Абдураимов
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Алиби Абдураимов қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресетінін айтты.
Кандидат осы айтылғандардың барлығын орындау үшін, мәселелерді өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізді.
• 2025 жылға қарай көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электронды форматта ұсынуға қол жеткізу;
• Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру;
• Құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптасыру;
• Білім беру мекемелеріндегі заңсыз қаражат жинау, дастархан жаю секілді тұрмыстық жемқорлықпен күресу;
• Барлық салада мемлекеттік бағдарламалардың жүзе асуына, сапалы орындалуына, бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуіне қоғамдық бақылауды күшейту;
• Мемлекеттік қызмет көрсетуді «бір өтініш» қағидаты бойынша жүргізуді қамтамасыз ету;
• Мемлекеттік сатып алу базасы мен әкімдіктің ресми сайтында Семей қаласының барлық мемлекеттік мекемелер мен оларға бағынысты ұйымдардың бюджетін 100% жариялануын талап ету.
Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.