Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Түркістан облысында ҚХА-ның «Ақсақалдар кеңесі» республикалық отырысы өтті

28-09-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Түркістан облысында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақсақалдар кеңесі» республикалық отырысы өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты қазақстандық қоғамды шоғырландырудағы, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асырудағы ақсақалдардың рөлін талқылау болды.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ «Ақсақалдар кеңесі» мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

25-27 қыркүйек аралығында өткен өңірге сапар аясында ҚХА Журналистер клубының мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және облыс аудандарындағы қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесулер өтті.

Онда әр азаматтың жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесі, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау, патриоттық тәрбие беру және жалпы азаматтық құндылықтарды нығайтуға қатысты маңызды тақырыптар талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив