Семей қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті
“Таза Қазақстан” акциясы аясында Семей қаласында жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға 8000-нан астам қала тұрғыны қатысты.
Сенбілік барысында қала аумағы 14 учаскеге бөлініп, әр учаске үшін Семей қаласы әкімдігінің дербес бөлімдері жауапты болды. Қаланың әртүрлі бөліктерінде қоқыс жинау, жасыл аймақтарды абаттандыру және көше аумақтарын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке қала тұрғындары, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсене атсалысты. Іс-шараның негізгі мақсаты — қаланың экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Семей қаласының әкімдігі аталған шараға белсенді қатысқан тұрғындарға алғыс білдіреді. Қаламызды таза ұстайық. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде.