Көкпектіліктер жерлестеріне құрмет көрсетті
Жақында еліміздің астанасы Астана қаласында әлемнің 89 мемлекеті спортшыларының қатысуымен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткен болатын.
Аталған ойындарда Көкпекті ауданының тумалары Дидар Түқышев қазақ күресінен 66 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Кураш күресінен сайысқа түскен Ерзат Арғынов қола жүлдегер атанды.
Сонымен қоса, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Аламан құрақ түгідуен Жүнісбаева Бахытжан Задаевна және Сарманова Балнұр Біржанқызы қатысып «Кинэс» рекордтар кітабына енген болатын.
Бүгін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарған Дидар Түқышев пен Ерзат Арғыновқа және «Кинэс» рекордтар кітабына енген Бахытжан Жүнісбаевабен немересі Балнұрға құрмет көрсету арналған шара өтті.
Шараға аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы, аудан ақсақалдары, жас спортшылар және тұрғындар қатысты. Шара барысында аудан басшысы Әділет Нұрсағатұлы Түқышев Дидар мен Арғынов Ерзатты жеңістерімен, Бахытжан Задақызы мен немересі Балнұрды «Кинэс» рекордтар кітабына енуімен құттықтап, Дидар мен Ерзатқа ат мінгізіп, бапкері Қыздарбеков Думанға және Тұқышев Дидардың алғашқы бапкері - Данабеков Дауренге 1 жылқыдан сыйға тартса, «Кинэс» рекордтар кітабына енген Жунусбаева Бахытжан Задаевна және Сарманова Балнұр Біржанқызына 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті.