Көкпекті ауданының әкімі Доре қорытпасын өндіретін зауытты іске қосуға бағытталған жұмыс барысымен танысты
Аудан әкімі Әділет Нұрсағатұлы Байбурадағы «Родниковое» кең орнында орналасқан «Eastern Gold» ЖШС арнайы сапарымен барды. Аудан басшысы Тау кен өндіру зауытын іске қосу жобасының жетекшісі Максим Стрельниковпен бірге доре қорытпасын (алтын-күміс қорытпасы) өндіретін зауытты іске қосуға бағытталған жұмыс барысымен танысты.
Бүгінгі күнге зауыт басында жылыту пешінің дайындығы 90 пайыз, қозғалтқыштары бар негізгі сорғылар орнатылған. Ұсақтау және іріктеу кешені орнатылуда, өндіріс желісі дайын, қосымша құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, тау-кен жұмыстары мен әкімшілік және тұрғын үй кешендерін қысқы мерзімге дайындау жұмыстарыда қызу атқарылуда. Жобаның жетекшісінің мәліметінше барлық жұмыстар қыркүйек айының 5 жұлдызына дейін аяқталып, келесі айдың аяғына дейін бірінші өнім алу жоспарлануда. Нәтижесінде 160 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңге. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарына жергілікті тұрғындарды көптеп тарту мәселесін де талқыладық. Зауыт іске қосылған жағдайда жергілікті бюджетке салық түсімін ұлғайтады. Жергілікті билік пен кәсіпорын арасында Көкпекті ауданына әлеуметтік-экономикалық қолдау жасау туралы алдын ала келісім бар.