Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.93 541.64 5.71

Көкпекті ауданында этносаралық тұрақтылық сақталуда

4-07-2024, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданы аймағымыздағы көпұлтты аудандардың бірі болып табылады. Аудан аумағындағы барлық этнос өкілдері бір-біріне сыйластық білдіріп өмір сүруде. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС жүргізген «Елдегі этносаралық жағдайға әлеуметтік зерттеу жүргізу» атты әлеуметтік зерттеудің нәтижелерінің қорытындысы негізінде еліміздің кейбір өңірлерінде тұрғындар мемлекеттік мекемелерге жұмысқа қабылдау кезінде орын алатын этникалық белгілері бойынша құқық бұзушылықтарды көрсетті.

Осы орайда, Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы РахимбаевАзат Қайратұлы аудандық әкімдік отырысы барысында барлық мемлекеттік мекеме  басшыларына барлық этностардың өкілдеріне төзімділік және толеранттылық тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық мемлекеттік мекеме басшыларына жұмысқа қабылдау кезінде этникалық белгілері бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін түсіндірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив