Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

8 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

7-10-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Сейсенбі, 8 қазан күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • жылыту маусымының басталуы;

  • мемлекеттік орман қорын ұлғайту шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша  Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер: 

- Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр;

- көлік министрі Марат Қарабаев;

- энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев;

- өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев;

- экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив