2025 жылғы су тасқыны қаупіне дайындық жұмыстары аясында арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен 2025 жылғы су тасқыны қаупіне дайындық аясында арық-лоток жүйесі мен жаңбыр суы құбырларының жұмысын тексеру бойынша көшпелі жиын өтті. Рейд барысында Мирный ауданын қоса алғанда, су тасқыны қаупі бар орындар тексерілді. Арық-лоток жүйесін тазалау жұмыстары бұл ауданда мердігер ұйыммен тұрақты негізде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, қала әкімі жаңа дренажды-жаңбыр суы жүйелерінің құрылыс барысын тексерді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «Аз и Мур Строй» ЖШС-мен арық жүйесін жөндеу (лоток жүйесін орнату) бойынша келісімшарт жасасқан, бұл келісім аясында Дальняя ауданында 600 метр арық лотогы орнатылды. Мирный ауданында ұзындығы 1100 метр болатын арықтардың жағасын тегіс шифермен нығайту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «SMART BUILD» ЖШС мердігер ұйымы Шығыс, Мирный, Қызыл Кордон, Қазкрай аудандарында, Жоламан ауылында және Согра саяжай аймағында қамыстарды шабу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы шабылған қамыс аумағы 53,7 га құрайды.
Арық жүйесін тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп, тұрақты бақылауда.