Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы талқыланған халықаралық конференция өтті

16-10-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференция өткізді.

Іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары, қазақстандық археологтар, өлкетанушылар, тарихшылар және мұғалімдер қатысты.

Конференцияда Ұлы Жібек жолының бейбітшілік, келісім, тұрақтылық пен халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы орны мен рөлі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы мен насихатталуы талқыланды.

Сондай-ақ іс-шара барысында музей-қорық қызметкерлері «Тараздың жауһар жәдігерлері» атты көрме ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив