Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Министр Cаясат Нұрбек Мажарстан елшісімен кездесті

13-03-2023, 17:45 Думан Кенжеғазыұлы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті.
 
Министр Саясат Нұрбек пен Венгрия елшісі Отто Иван Ронаның кездесуі барысында Stipendium Hungaricum шеңберіндегі ынтымақтастық бағдарламасын 2023-2026 жылдарға ұзарту мәселесі талқыланды. Саясат Нұрбек Келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуына және Министрліктің қайта құрылуына байланысты екі елдің салалық ведомстволары арасындағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасының дайындалғанын атап өтіп, Елшіден осы мәселеде Қазақстанның бастамасына қолдау көрсетуді сұрады.
 
«Келісімнің екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы маңыздылығын ескере отырып, Сізден Келісімнің қолданылу мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдауыңызды сұраймыз», - деді министр.

Сонымен қатар тараптар жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасу мәселелерін және Қазақстанда Мажарстан жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндігін қарастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив