Шыңғыс Риаханов Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды
Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов 1979 жылы 25 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінің магистранты, техникалық ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математикалық модельдеу және компьютерлік техника кафедрасының тағылымгер-оқытушысы болып бастады.2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің референті. 2009-2010 жылдары «Сарыарқа» ӘӘК» ҰК» АҚ бизнес–жобалар департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарушы директоры. 2011-2017 жылдары «Салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептері дирекциясы» ЖМ, директордың орынбасары, директор. 2018 жылдан 2024 жылдың 11 маусымына дейін кәсіпкерлік саласында қызмет етті.