Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.17 550.06 4.93

Абай облысында жаңа ЖЭО құрылысының негізгі мәселелері қаралды

2-11-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен 3-ші ЖЭО параметрлері мен құрылыс мерзімдерін талқылады. Жылу электр орталығы жылу тапшылығын жойып, экологиялық жүктемені айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде.

3-ші ЖЭО төрт қуатты энергиялық қазандықтармен, үш бу турбиналарымен, сондай-ақ үш су жылыту қазандықтарымен және төрт бойлермен жабдықталады. Олардың екеуі негізгі, ал қалған екеуі төтенше жағдайларда жұмыс істейтін болады. Оның қуаты 360 МВт.

«Бұл жоба өңірдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болары сөзсіз. Электрмен, сумен, жылумен жабдықтауды, қосалқы станцияларды қайта жаңартуды қоса алғанда толық инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сондықтан жобаны жүзеге асыруда қателікке жол бермей, барынша мұқият қарау керек. Жоба ауқымды болғандықтан әрбір детальды ескеру қажет», - деді облыс әкімі.

Айта кету керек, жоба электр энергиясын өндіруді сағатына 2 600 млн кВт -қа ұлғайтады деп көзделген. Белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті шамамен 82% құрайды. Бұл аймақтың қажеттіліктерін сенімді түрде энергиямен қамтамасыз етеді және қоршаған ортаны ластаушы заттарды азайтады.

Жоба Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылуда және оны қазақстандық «Самұрық Энерго» компаниясы халықаралық серіктес Nebras Power компаниясымен бірлесіп басқарады. Бұл бастама Абай облысын энергиямен жабдықтауды жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив