Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Абай облысында 27 км астам жылу желілері ауыстырылды

4-11-2024, 15:26 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс бойынша 18,5 млрд теңгеге 28 жоба іске асырылуда. 

«Биыл 27,5 км жылу желісі мен 17 жылу көзі жөнделді. Нәтижесінде, жылу желілерінің тозу көрсеткіші 64%-дан 59%-ға дейін төмендеді. Келер жылғы жұмыстар нәтижесінде бұл көрсеткішті 57%-ға дейін азайту көзделуде», - деді өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бұдан басқа, Семей қаласында ЖЭО-3 салынады: жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталуда. Бюджеттен тыс қаржы есебінен «ЖЭО-3» сыртқы инфрақұрылымын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде. Биыл сумен қамту саласында 33 жоба іске асырылуда, оның 8-і аяқталды. Сонымен қатар, алдағы жылдары өңірде заманауи қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив