Аудандық ауруханаға құрал-жабдықтар сатып алынды
«Елімай» ФК мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаның бастамашысы — Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Осы келісім аясында Абай ауданы орталық аудандық ауруханасына жалпы құны 4,6 миллион теңгені құрайтын заманауи стоматологиялық құрал-жабдықтар мен физиотерапиялық бөлімше берілді. Бұл медициналық қызметтердің сапасын жақсартып, оларды аудан тұрғындарына қолжетімді етпек. Және науқастарды емдеу және алдын алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген футбол клубының өкілдері бұл жай ғана қаржылай көмек емес, халықтың денсаулығы мен тұрмысына деген шынайы қамқорлықтың көрінісі екенін баса айтты. Олар бұл акцияның өңірдегі өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараның бір бөлігіне айналғанын айтып, медициналық мекемелермен ынтымақтастықтың жалғасатынына өз сенімдерін білдірді.