Қарағайлыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
2024 жылғы 7 қарашада Семей қаласы Қарағайлы ықшам ауданы аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өтеді.
Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы әртүрлі қатерлерге қарсы әрекет етуге дайындығын тексеру.
Осыған байланысты, облыстық жедел штаб азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу іс-шараларына, көлік пен тұрғындар қозғалысына қатысты мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және тиісті мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Күдікті адамдар, заттар және құрылғылар анықталған жағдайда, «102» жедел байланыс арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб