Семейде алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің жиыны өтті
Семейде мектептер мен колледждердің алғашқы әскери дайындық пәнінің 50-ден астам оқытушыларымен оқу-әдістемелік жиыны өтті.
Жиын «Шығыс» өңірлік қолбасшлығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаевтың басшылығымен өтті.
Әскери бөлімдердің тәжірибелі нұсқаушылары алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерімен патриоттық тәрбие, мемлекеттік – құқықтық, саптық, дене және атыс дайындықтары бойынша сабақтар өткізді. Сонымен қатар болашақ отан қорғаушыларды әскерге дұрыс дайындау әдістемесіне басты назар аударылып, қазіргі уақытта мерзімді қызметін өткеріп жүрген сарбаздарға арналған жеңілдіктер мен мүмкіндіктер талқыланды.
Жиын соңында жастардың патриоттық тәрбиесін көтеру бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды кешенді жоспарлап, нақты нәтижелерге көз жетуге арналған айқын бағыттар анықталды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі