Абай облысы әкімдігінің басқарма басшылары тікелей эфирде сұрақтарға жауап береді
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Абай облысы әкімдігінің басқарма басшыларының қатысуымен брифингтер топтамасы басталады. Олар атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, журналистердің көкейтесті сұрақтарына жауап береді. Кездесу форматы гибридті: Instagram желісінде тікелей эфирде онлайн және офлайн режимде өтеді.
Брифинг кестесі:
Абай облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы – 18 қараша;
Абай облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы – 19 қараша;
Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы – 20 қараша;
Абай облысының Білім басқармасының басшысы – 21 қараша;
Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы – 22 қараша;
Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы – 25 қараша;
Абай облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы – 26 қараша;
Абай облысының Құрылыс басқармасының басшысы – 13 желтоқсан;
Абай облысының Ветеринария басқармасының басшысы – 18 желтоқсан;
Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы – 19 желтоқсан;
Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы – 20 желтоқсан;
Абай облысының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы – 23 желтоқсан;
Абай облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – 24 желтоқсан;
Абай облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы – 25 желтоқсан;
Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – 26 желтоқсан;
Абай облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы – 27 желтоқсан.
Облыс тұрғындары жобалар мен бастамалар туралы, сондай-ақ өзекті мәселелер жөнінде өз сұрақтарына жауап ала алады. Сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирде қоюға мүмкіндік бар.