Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

15-11-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Салтанатты шара Shakarim University 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында өтті. Бұл шараға университет оқытушылары, зиялы қауым өкілдері, студенттер және қоғам белсенділері қатысты.

«Шәкәрім мұрасы – бұл тек мәдени байлық емес, әрқайсымыз үшін өмірлік тағылымның қайнар көзі. Біз университетіміздің Шәкәрім есімімен аталатынын мақтан тұтамыз және оның естелігі мен идеяларын сақтау үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», - деп атап өтті университет ректоры Думан Орынбеков.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен ой-толғамдары қоғамның рухани дамуына ерекше үлес қосып, ұрпақтан-ұрпаққа тағылым беріп келеді. Оны зерттеу және насихаттау – бүгінгі және келешек ұрпақтың басты міндеті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив