Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті
Абай облысы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қатысты. Күн тәртібінде Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №7/37-VII «Абай облысы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары үшін «KARAGAILY» шипажайы» Семейлік медициналық-әлеуметтік мекемесінің базасында санаторлы-курорттық емдеуді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/63-VII «Абай облысы бойынша жер комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қарастырылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелерге депутаттар өз ұсыныстарын білдіріп, оң дауыстарын берді.