Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қазақстан СІМ-де еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ОАР Елшісін қабылдады

27-11-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Қазақстандағы миссиясының аяқталуына орай Оңтүстік Африка Республикасының Елшісі Кийтуметци Мэттьюсті қабылдады.

Сұхбат барысында Ә.Бақаев К.Мэттьюске екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға күш салғаны үшін алғыс білдірді.

Атап айтқанда, Ә.Бақаев африкалық дипломаттың Астана мен Претория арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында ОАР Елшісіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің атынан алғыс хат табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив