Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
460.8 541.21 6.13

ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған көрме ашылды

28-11-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» атты кітап-экспозициялық көрмесінің ашылуы өтті.

Экспозицияда Ұлттық кітапхана қорында сақталған екі мыңнан аса құнды деректер ұсынылды. Олардың қатарында сирек кездесетін кітаптар, мерзімді басылымдар, ноталық материалдар, компьютерлік дискілер мен күйтабақтар бар. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ғылыми-ақпараттық кітапхана қорының қолжазбалары мен ноталық басылымдары ерекше назар аудартты.

Көрмеде Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың мемориалдық үйінен әкелінген наградалар мен медальдар, Ахмет Жұбановтың қолданған домбырасы, киген киімдері және тарихи фотосуреттері көрсетілді. Сонымен қатар Құддыс Қожамияровтың сахналық киімі ұсынылды.

Сондай-ақ, іс-шарада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы профессорлық-оқытушылар құрамының еңбектерінің тұсаукесері өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив