Семейдің жас толым сарбаздары танкіге қарсы тұрды
Абай гарнизонының жас сарбаздары танкіге қарсы тұру оқу жаттығуына қатысты. Осы күзде шақырылған жауынгерлер алғаш рет қолдарына қару ұстап, автоматтан оқ атып, танкіге қарсы тұрды.
Жуырда қабылданған жас сарбаздар окопқа жасырынып, әскери техниканы өздерінің үстінен өткізді. Содан кейін жау танкісіне қарсы граната лақтырды.
Тапсырманы орындамас бұрын сарбаздарға шартты қарсыластың танктеріне қарсы тұрудың әдістері түсіндірілді. Сондай-ақ оларға әртүрлі ұрыс жағдайында танкке қарсы гранаталарды және қару-жарақты қолдану ережелері мен тәсілдері баяндалды.
Брондалған бірнеше тонналық техниканың астына жатып, оған қарсы тұруға машықтандыру, өздеріне деген сенімділікті арттыруда өте үлкен рөл атқарады. Бұндай әсерлі жаттығудан кейін жас сарбаздар өздерін нағыз жауынгер және Отан қорғаушы сезінері сөзсіз.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі