Семейде «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп клубтарының форумы өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында республикада түрлі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары. Клубтың негізгі мақсаты - мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, оған төзбеушілікке бағытталған бастамаларды қолдау және іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.
Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Назерке Аққожина жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, әділдік пен адалдыққа шақырудың маңыздылығына тоқталды.
Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев ерікті мектеп клубтарының жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын баяндады.
Іс-шара барысында клуб мүшелері мен қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.