Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
508.05 534.82 5.06

Абай облысы әкімі Жарма ауданының тұрғындарымен кездесті

29-11-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданы тұрғындары алдында есеп берді. Есеп беру барысында 10 айда атқарылған жұмысты қорытындылаған әкім экономика мен әлеуметтік саладағы маңызды жобаларға тоқталды. Сонымен бірге азаматтардың өтініштерін тыңдады.

«Мұндай кездесулердің басты мақсаты – өзекті мәселелерді жедел шешу әрі кері байланыс орнату. Бұл біз үшін өте маңызды. Аудан тұрғындарымен өткен алдыңғы кездесуімде 30-дан аса сұрақ қойылған. Олардың кейбіріне тікелей жауап берілсе, қалғандары бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берілді. Әр тапсырманың орындалуы менің жеке бақылауымда», - деді облыс әкімі.

Өңірде Жарық-Жаңғызтөбе және Әуезов-Шар бағытындағы жолдарға жөндеу жұмысы жалғасуда. Облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Жаңғызтөбе-Қалбатау-Семей бағытында автобус маршруты мәселесі шешілуде. Жыл соңына дейін Әуезов кентінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржыландырған, 170 миллион теңге бөлінген спорт модулін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді.

«Шар қаласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қаланы дамытудың 2028 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Биыл үлкен басымдыққа ие міндеттерді жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Негізгі қаражат қала ішіндегі жол жамылғыларына орташа жөндеу жұмысын жүргізуге, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін 18 жалдамалы пәтер сатып алуға, қала инфрақұрылымын жақсартуға, Семей-Шар бағыты бойынша теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялауға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, әлеуметтік инфрақұрылымның бес нысанын жөндеуге бағытталған. Шар – облыс үшін маңызды қала. Оның дамуы қарқынды әрі жүйелі түрде жүруі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», – деді аймақ басшысы.

Жарма аудандық ауруханасының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 395,7 млн.теңге бөлінді. Мекемеге 350 миллион теңгеге компьютерлік томограф сатып алынды. Келер жылы Шар қаласында жүзу бассейнінің құрылысы басталып, Қалбатау ауылында жаңа стадион пайда болады.

Есептік кездесуден облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелермен қабылдады. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив