Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Ақсуат ауданында тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейі жоғары

30-11-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев негізгі әлеуметтік-мәдени нысандардың жағдайын бағамдап, алдағы даму жоспарларын талқылады.

Соның ішінде Екпін ауылындағы Мәдениет үйіне ерекше көңіл бөлінді. Ғимараттың жалпы ауданы 594,1 шаршы метр, құрылыс көлемі 3158,5 текше метрді құрайды. Бұл халық шығармашылығын дамытудың маңызды алаңы. Мұнда ұлттық және мемлекеттік мерекелер аясында іс-шаралар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясаты жүзеге асырылады. Жас таланттарға қолдау көрсетіледі. Ақсуат мәдениет үйі жас таланттарды қолдап, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.

Әкім орынбасары Ы. Кабеков атындағы орта мектепке де барды. 572 орынға есептелген білім ордасы бүгінде 1-11 сыныптарда 354 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 25 балаға білім мен тәрбие беріп отыр. Мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталды. Мектептегі қауіпсіздік пен оқу сапасын арттыру мақсатында тиісті шешімдер қабылдау жоспарлануда.

Қожагелді батыр атындағы орта мектепте де тексеру жүргізілді. 437 орындық мектепте мектеп жасына дейінгі 91 бүлдіршінді қосқанда 849 оқып, тәрбиеленуде. Оқу процесін жақсарту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар қарастырылды. Сондай-ақ сапар барысында Ақсуат колледжінің инфрақұрылымы мен оқу-өндірістік базасына ерекше назар аударылды. Қазір мұнда оқу шеберханасы құрылуда.

«Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін оқу үдерісін оңтайландыру және қосымша оқу ғимараттарын салу мәселесін пысықтау қажет», - деп тапсырды Жасұлан Сәрсебаев.

Марат Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кешенінде жүзу бассейні, спорт және бокс залы бар. Онда 10 жаттықтырушының жетекшілігімен 204 спортшы жаттығады. Кешенде барлығы 24 педагог жұмыс істейді. Ауданда жалпы ауданы 210 шаршы метрді құрайтын Еңбек мобильділігі орталығының филиалы және Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы орналасқан. Мекемеде заңгер, кеңесші және бағдарламашыдан құралған 23 адам бар.

Жұмыспен қамту шаралары қызу талқыланды. Қазір 402 жұмыссыз тіркелген, оның 227-сі жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Бос жұмыс орындары арқылы 580 адам жұмысқа орналастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив