Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Жедел жәрдем бригадалары 7 млн астам шақыртуға қызмет көрсетті

3-12-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті.

Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.

«103»- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі ЖМЖ бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.

ЖМЖ қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда «жедел жәрдем» қызметінің теңгерімінде 2 355 бірлік, оның ішінде 1 482 бірлік қалада және 873 бірлік ауылдық жерде санитариялық автокөлік бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив