Медицина жүйесін дамыту маңызды қадамдардың бірі болмақ
№11 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Арман Төлеуханов Семей медицина колледжінің ұжымы және студенттерімен кездесу өткізді.
Семей қалалық мәслихатына депутаттыққа үміткер Арман Төлеуханов Семей медицина колледжінің ұжымы мен студенттерімен кездесу өткізіп, өзінің «Халықпен бірге – жарқын болашаққа!» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кездесу барысында Арман Төлеуханов аймақтың білім беру және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларын жан-жақты түсіндірді. Ол студенттер мен ұстаздардың білім алу және беру сапасын жақсарту, медициналық мекемелерде кадр тапшылығын жою, сондай-ақ заманауи медициналық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ұсыныстарымен бөлісті. Олар білім алу сапасын жақсарту, жатақханамен қамтамасыз ету және оқыту бағдарламаларын жаңғырту секілді өзекті мәселелерді көтерді.
Арман Төлеуханов студенттердің әрбір сұрағына мұқият жауап беріп, көтерілген мәселелерді болашақта шешу үшін нақты шаралар қабылдауға уәде берді. Ол жас мамандарды қолдау – елдің медициналық жүйесін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысында колледж ұжымы мен студенттері үміткердің бастамаларына қолдау білдіріп, оның білім беру және денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған жоспарларының айқын әрі тиімді екендігіне сенім артты.
* №11 сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихат депутаттығына үміткер А. Төлеухановтың сайлау қорынан төленді