Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Жарма ауданында спорт залы ашылды

5-12-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Жарма ауданында тұрғындар қажеттігі үшін бой көтерген нысандар қатары артып келеді. Олардың ішінде баспана және әлеуметтік-мәдени, спорттық-сауықтыру мекемелері бар. Мәселен, ауданға қарасты Әуезов кентінде жаңа спорт залы ашылды.

Ангар типтегі модульдық спорт залы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынды.

Жергілікті халық спорт залдың ашылуы кент өміріндегі елеулі оқиға екенін айтып, ризашылықтарын білдіруде. Сонымен қатар денсаулықты нығайтып, спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер ететініне сенімді.

Нысанның ашылуына орай шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.

Бүгінгі танда Жарма ауданында 125 спорт нысаны бар. Екі спорт кешені, 1 күрес, 1 бокс залы, ипподром, 6 хоккей корты, 82 ашық спорт алаңы мен 23 мектепте спорт залы жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының 40,3% спортпен шұғылданады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив