Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды

9-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.

Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.

Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Келіп түскен 1284 өтінімнің 897-сі қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 495, «Ғылым» бағыты – 62, «Мәдениет» бағыты – 107, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 94, «Медиа» бағыты – 66, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 73 өтінім.

2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив