Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.68 568.23 6.2

Парашютсіз десант түсіру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

9-12-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының «Қарулы Күштерде парашютсіз десант түсіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277-тармақшасына сәйкес әзірленді. 

Бұл нұсқаулық әуе кемелерінен адамдар мен жүктерді парашютсіз қауіпсіз десанттауды ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді және іске асыруды нақтылайды. 

Құжатта мамандарды, қару-жарақты, құралдар мен жабдықтарды парашютсіз түсіруге даярлауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар айқындалады. 

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 23 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15332124 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив