Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

3-12-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Қарулы күштері Тылы бастығының басқармасы Қорғаныс министрінің «Қарулы күштердің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (киім-кешек қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 281) тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр. Онда киім-кешек қызметінің материалдық құралдарын сақтауды ұйымдастыру тәртібі анықталған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322686

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив