Тыйым салынған аймақтардың үстінен ұшуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі
ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтардың аумағынан ұшуға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық актіге өзгеріс "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 27-2 - бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес іске асырылады.
Жоғарыда көрсетілген норма көрсетілетін қызметті берушіні көрсетілетін қызметті алушының заңды құқықтары бұзылған жағдайда сұралынатын мемлекеттік қызметті қайта жүгінбей орындауға міндеттейді.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында биылғы жылдың 24 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15338019 сілтеме бойынша танысуға болады.