Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі студенттің пәтер алуына көмектесті
Тәуелсіздік күні қарсаныңда семейлік Ермек Серікжанұлы өз пәтеріне қол жеткізді. Тағдырдың қатал сынына бала күнінен душар болған оған баспана алып беруге Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы себепкер болған. Облыстық білім басқармасымен арадағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдау бойынша өзара ынтымақтастық негізінде мектеп ұжымы Ермектің тұрғын үй жинақ қорына 11 жыл бойы қаржы аударып отырған. Кәмілеттік жасқа толысымен оған қордағы ақшаға пәтер алудың сәті түскен.
Қазіргі таңда Ермек облыс орталығындағы Семей медициналық университетінің екінші курсында білім алады. 18 жасар студент осы уақыт аралығында туысының шаңырағында тұрған. Ақ халатты абзал жан атанғаннан кейін қоғамға үлес қосушы қайырымдылық пен ізгіліктің жаршысы болғым келеді дейді.