Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Бесқарағай ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа хоккей кортының ашылу салтанаты өтті

15-12-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздің шоқтығы биік мерекесі – «Тәуелсіздік күні» қарсаңында ауыл тұрғындарының игілігі үшін ашық алаңда жаңа хоккей кортының ашылу салтанаты өтті. 

Аталмыш корд көп функционалды спорттық нысан - қыс мезгілінде шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанауға және жаз мезгілінде шағын футбол ойнауға болады, сондай-ақ, алдағы уақытта түрлі спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Спорт нысанның пайдалануға берілуі - ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына, бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімі Талғат Батырұлы жаңа алаңның ашылуымен бесқарағайлықтарды құттықтап, ауыл тұрғындарын спортпен шұғылдануға шақырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы спорттың ел ішінде маңызы зор екенін айрықша атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив