Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Мақаншы ауданында күрес мектебі ашылды

17-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Мақаншы ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында күрес мектебі ашылды. Шараға аудан әкімі Даурен Қойгелдин қатысып, құттықтады.Ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, әжелер, тұрғындар да қатысты.

2023 жылдан бастап ауыл азаматтарының көмегімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп енді ауыл балаларының күреспен алаңсыз шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр. 50 балаға арналған күрес мектебінің бір ерекшелігі күрестен бөлек бокс үйірмесі де жұмыс жасамақ.

Күрестің небір майталман шеберлері шыққан Мақаншы өңірінде болашақта жаңа буын чемпиондарын баулуға осы мектептің қосар үлесі зор болмақ. Аудан әкімі шара барысында мектептің пайдалануға берілуіне атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіре отырып, Алғыс хаттармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив