Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Тұрақтандыру қорындағы азық-түлік жәрмеңкелерде сатыла бастады

19-12-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Өткен демалыс күндері өңірлерде 20-дан астам  азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкелерде жалпы көлемі 1 600 тоннадан астам тағам саудаланды. Мысалы, Шымкент қаласының өзінде  жәрмеңкеге шығарылған 150 тоннаға жуық азық-түлік өніміның, 126 тоннасын жергілікті жұрт сатып алды. Одан бөлек С1 санатындағы жұмыртқа 52-57 теңгеден саудаланып, 105 000 данасы сатылған. Ал 26 тонна пияздың келісін шымкенттіктер 80 теңгеден сатып алған. Одан бөлек шымкенттіктер күнбағыс майының литрін 620 теңгеден, сиыр етінің келісін 2400-2600 теңге аралығында сатып алған.

Алматыда 865 тонна өнім жәрмеңкеге шығарылса, соның 806 тоннасы сатылған. Алматыда өткен жәрмеңкелерге 300-ге жуық отандық тауар өндіруші мен кәсіпкер қатысқан. Алматыда қанттың 1 келісі 370 теңгеден, С1 санаттағы жұмыртқаның данасын 52 теңгеден, күнбағыс майының литрі 650 теңгеден сатылды.

Ал Астанада дәстүрлі түрде «Соғым Fest» жәрмеңкесі өтті. Осының алдындағы жәрмеңкеде 100 тонна ет өнімі сатылса, бұл жолғы жәрмеңкеде 150 тонна ірі қара еті сатылды. Баға әдеттегідей арзан. Жылқы еті 2300-2500 теңге, сиыр еті 2100-2300 теңгеден. Одан бөлек 11 тонна көкөніс, 800 келі ұн (келісі 186 теңгеден басталады), 200 келі қант (келісі 350 теңгеден) сатылған.

Жалпы жәрмеңкелерде тек әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері ғана емес, халық арасында сұранысқа ие жеміс-жидек, бал, құрт, қаймақ секілді өнімдер сатылады.

Өткен аптадағы жәрмеңкелердің ерекшелігі – бірнеше өңірде тұрақтандыру қорындағы өнімдер жәрмеңкелерде саудаланды. Мысалы, Абай облысында тұрақтандыру қорындағы 5 тонна  картоп,сәбіз, пияз бен орамжапырақ  жәрмеңкеде келісі  115 теңгеден сатылды. Ақтөбеде тұрақтандыру қорындағы картоп (2,8т) 116 теңгеден, пияз (1,9т) 170 теңгеден, орамжапырақ  160 теңгеден, сәбіз 110 теңгеден(1-1 тоннадан), қант  350 теңгеден (200 кг) сатылған. Ал Қостанайда өткен жәрмеңкелерге тұрақтандыру қорынан 11 тонна өнім шығарылса, оның 8 тоннасы сатылған. Атап айтар болсам, 1 тонна тауық еті (1000 тг), 2 тонна қарақұмық жармасы (135 тг), 1 тонна рожки (250 тг), 72 000 дана С санаттағы жұмыртқа (450-480 тг), 1 тонна сәбіз (140 тг), 3 тонна картоп (140 тг).

Бұдан өзге тұрақтандыру қорындағы азық-түлік Алматы, ШҚО, Қызылорда, Павлодар, Орал, Жетісу, Ақмола облыстарында өткен жәрмеңкелерде сатылды.

Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметіне сай өткен аптадағы ӘМАТ тауарларының  баға индексі 100,1% (+0,1%) құрады.  1 апта ішінде кейбір тауар түрлерінің бағасы арзандаған. Мысалы сиыр еті 0,1, қарақұмық жармасы 0,7, күріш 0,8, қант 1,0, сәбіз 0,1 пайызға арзандаған. Ұн мен айранның бағасы тұрақты. Картоп (1,4%) пен пияз(1,2%) бағасының аздаған қымбаттауы байқалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив