Әлеуметтік институттар мен гендерлік индекстің (SIGI) 5-ші басылымы жарияланды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Әлеуметтік институттар мен гендерлік индекстің (SIGI) 5-ші басылымын жариялады.
SIGI индексі бойынша Қазақстан кемсітушілік деңгейі төмен ел ретінде бағаланды (22%). 2019 жылы да рейтинг 22% болған еді.
2023 жылы SIGI индексінің «Отбасындағы кемсітушілік деңгейі» субиндексі бойынша Қазақстанның позициясы 15%-ға (2019 жылы – 22%) айтарлықтай жақсарған. Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл - жақсы көрсеткіш, себебі Орталық Азия бойынша орташа көрсеткіш 22%-ды құрап отыр.
Қазақстанның аталған зерттеуге қатысуы бойынша жұмыстарды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үйлестірді. Жалпы, зерттеуге, барлығы 179 ел қатысқан.
2023 жылғы SIGI деректер базасы саясаткерлер мен мамандарға әлемде қыздар мен әйелдерге қатысты кемсітушілік деңгейі қай өңірде тұрақты екенін және қоғамда кемсітушілікке жол ашатын заңдармен, нормалармен, сондай-ақ тәжірибелермен күресудің бастапқы жолдарын анықтауға мүмкіндік бермек.