Абай облысының спортшылары қысқы Азия ойындарына дайындық үстінде
Абай облысында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 40%-ға жетті. Спортты насихаттау мақсатында 2024 жылы 50 мыңнан астам адамды қамтыған 200-ден астам бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған. Бұл туралы Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Бекбосынов баяндады.
- Облыста спорт инфрақұрылымын дамыту көрсеткіші 52%-ды құрап, 610 спорт нысаны халыққа қызмет көрсетуде. 2024 жылы пайдалануға берілген жаңа нысандар қатарында бірнеше ауылдардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейндер және спорт залдары бар. Сонымен қатар, Семей қаласында жабық футбол манежі салынып, жаңа стадион құрылысы жоспарлануда, - деді басшы орынбасары.
Спикердің айтуынша, 2024 жылы Абай облысының спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 2892 медаль жеңіп алған.
- Биыл Абай облысының спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 2892 медаль жеңіп алды, оның ішінде 829-ы алтын медаль. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында облыс атынан спорттың 7 түрінен 12 спортшы қатысып, жалпы саны 7 медаль (3 алтын, 3 күміс, 1 қола) жеңіп алды. «Елімай» футбол клубы 2023 жылы UBET бірінші лигасында жеңімпаз атанып, ел чемпионатында 6-орынға ие болды. Ал «Семей» футзал командасы 2023 жылы ҚР Кубогының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болды. Осы жетістіктерінің арқасында команда футзалдан Чемпиондар Лигасына жолдама алды, - деп атап өтті Бақыт Бекбосынов.
Айта өтсек, Абай облысының спортшылары 2025 жылы Қытайда өтетін Қысқы Азия ойындарына дайындық үстінде. Қазіргі уақытта шаңғы жарысы мен биатлоннан 4 спортшы ұлттық құрамаға іріктеліп алынды, алдағы уақытта олардың саны артады деп күтілуде.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМСМ нақты қажеттілікті анықтау үшін өңірлердегі спорт нысандарына түгендеу жүргізедіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстандық мектептердің 6,8 мың түлегі – «Алтын белгіге» үміткер