Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚХР мен АҚШ басшылары Наурыз мейрамымен құттықтады

21-03-2023, 08:34 Думан Кенжеғазыұлы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан  құттықтаулар келіп түсіп жатыр.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ел Үкіметі мен халқының, сондай-ақ өзінің атынан жолдаған құттықтау жеделхатында  достас Қазақстан халқына бақ-береке, ал Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық және оның жауапты жұмысына табыс тіледі.

– Мен Қытай және Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына айрықша мән беремін. Сіздің Қытайға мемлекеттік сапармен келетініңізге және биыл мамыр айында өтетін алғашқы «Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысатыныңызға қуаныштымын. Екі елдің ынтымақтастығын  одан әрі дамыту, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия арасындағы байланысты нығайту мәселелері жөнінде өзіңізбен пікір алмасамыз деп сенемін, – деп жазылған Си Цзиньпиннің жеделхатында.  

АҚШ Президенті Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

– Елдеріміздің арасындағы өзара стратегиялық серіктестік пен халықтарымыздың достық қарым-қатынасы бүкіл аймақтағы бейбітшілікті сақтауға және өңірді өркендетуге септігін тигізеді. Бүгін Астанадан Алматыға дейінгі және бүкіл ел тұрғындары көктемгі жаңару мерекесін тойлайды. Қазақстанның жарқын болашағын және елде тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін Сіздің саяси және экономикалық реформаларыңызды Америка Құрама Штаттары әрдайым қолдайтынын растаймын. Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! – деп жазған Джо Байден.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив