Семейде Ертіс өзенінде мұздың жұқаруына байланысты рейдтік шаралар күшейтілді
Бұл туралы Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс тобының аға офицері Темірлан Амантаев Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында айтып берді.
- ҚР Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы «Су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бекіту туралы» №34 бұйрығына байланысты, мұзға шыққан балықшыларда жан құтқару күртешесі, ысқырғыш, 12 метрден кем болмайын жіп, ұзындығы екі метрден асатын таяқ болуы міндетті. Егер осы айтылғандардың біреуі болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 412-бабына сәйкес, балықшыларға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осы талаптарды орындамағаны үшін Затон аймағында бір балықшыға айыппұл салынып, әкімшілік хаттама толтырылды,- деді Темірлан Амантаев.
Қауіпсіздік мақсатында Ертіс өзені бойынан он ескерту белгілері орнатылған. Атап айтсақ, Достық, Озерки, Ертіс, Шаған ауылдық округтерінде және Мұрат кентіндегі өзен бөлігі қауіпті саналады.
- 2022-2023 жылдары қысқы кезеңде жаппай және мұз асты балық аулау орындарында, су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігі үшін Семей қалалық әкімдігі «Жаппай және мұз асты балық аулау орындарына профилактикалық рейд кестесін» бекітті. Осы кестеге сай, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы және басқа да өкілетті мекемелер өткен жылдың 14 қазанынан бастап кестеге сәйкес апта сайын демалыс және мереке күндері рейдтер жүргізуде. 2022-2023 жылдары барлығы 286 рейд жүргізіліп, төрт мыңнан астам жадынамалар таратылды,- деді Темірлан Амантаев.
Айта кетейік, биыл Семей өңірінде қыс кезінде оқыс оқиға тіркелген жоқ.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды18 наурызда және дауыс беру күні кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады - Бас прокуратураҰлттық палата жер бермеген шенеуніктерді жауапқа тарту үшін қандай ұсыныстар жасадыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!