Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
530.24 543.97 5.16

Сенатта көру қабілеті нашар адамдарға қатысты заң қаралды: Әдебиетке қол жеткізу мүмкіндігі туатын болады

Кеше, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» заңды талқылады.

2013 жылғы 27 маусымда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының дипломатиялық конференциясында қабылданған Марракеш шартына Қазақстанның қосылуы ратификацияның басты мақсаты болып табылады. Құжат көру қабілеті бұзылған адамдарға әдеби және көркем шығармаларға қол жеткізудегі кедергілерді жоюға бағытталған.

Шарт зағип және нашар көретін адамдарға қолжетімді сипаттағы туындыларды көбейту, тарату және жариялау мүмкіндігін көздейді. Ол сондай-ақ, білім мен ақпаратқа тең қол жеткізуге жағдай жасай отырып, уәкілетті органдар арқылы осындай туындыларды трансшекаралық алмастыруға мүмкіндік береді.

Сенаторлардың айтуынша, Қазақстанның шартқа қосылуы көру қабілеті нашар адамдарға арналған кітаптарға, оқу материалдарына және мәдени туындыларға қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ қолжетімді сипаттағы материалдарды халықаралық алмасуды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив