Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
530.24 543.97 5.16

Тұрғын үй қатынастары саласында цифрлық форматта қызмет көрсету туралы бірлескен бұйрық дайындалды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою» және «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою» мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті алушыларды проактивті нысанда шығару кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді. Құжат қызметтік тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімін өзектендіруге бағытталған.

Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үй алу кезегінен шығару жөніндегі қызмет оның аудандық пайдалану бөліміне жеке өтінішінсіз көрсетіледі деп болжанады.

Бірлескен бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 27 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15398832

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив