Қызметтік тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітіледі
Қорғаныс министрлігі «Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персонал адамдарын (бюджеттік ұйымдар қызметкерлерін) тұлғаларын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.
Аталмыш нормативтік құқықтық акт «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді. Оны қабылдау ҚР Қарулы күштері азаматтық персоналының қызметтік тұрғын үйге мұқтаж тұлғаларын есепке қою жөніндегі мемлекеттік қызметті электрондық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 3 тамызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14637860 сілтеме бойынша танысуға болады.