Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың қызметтеріне тарифтер бекітіледі

7-03-2023, 12:49 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын дайындады.

Бұған дейін Бюджеттік кодекстің 70-бабы 2-тармағына сәйкес Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен оның филиалдарының қызметтерді іске асыру бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидалары бекітілген болатын.

Талқылауға ұсынылатын нормативтік құқықтық актінің жобасымен Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалар үшін іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітіледі.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 24 наурызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14441587

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив